Халықаралық қатынастар

2004 жылдан бастап «Sardar» Мамандандырылған Күзет Орталығы»  Қазақстан Республикасы шегінен тыс жерлерге, Ауғанстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстан елдеріне  жүктің сақталуын қамтамасыз ететін алып жүру қызметін көрсете бастады. Бүгінгі таңда Ұйым ТМД  елдері мен Балтық елдеріне жүретін барлық бағыттар  бойынша жүкті күзету және оны алып жүру қызметін көрсетеді.

Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғыз Республикаларында өкілдіктері бар. Осы елдердің министрліктері, темір жол көлігі ведомствалары, әскерилендірілген темір жол күзеттері  деңгейінде келіссөздер жүргізілуде. Украина Республикасы, Ресей Федерациясы сияқты елдердің күзет кәсіпорындарымен, Балтық елдерінің күзет ұйымдарымен, құқық қорғау органдарының көлік бөлімшелерімен   серіктестік өзара қатынастар жөнге салынған.  Қытай Халық Республикасының Сычуань провинциясының темір жол көлігі Министрлігімен қарым-қатынас орнатылуда, ҚХР-мен қатынас аясында Шығыс  Еуропа елдерінің мемлекеттік шекарасына дейін күзеттік алып жүру тәжірибесі жинақталған.

2008 жылы «Sardar» Мамандандырылған Күзет Орталығы» «Трансібір тасымалдауы бойынша Үйлестіру кеңесі» Халықаралық ассоциациясының ассоцияцияланған мүшесі деп танылды.

Ұйымдағы іс жүргізу мен құжаттамалар  халықаралық талаптарға сәйкес жүргізіледі, 2011 жылы берілген QS ISO 9001:2008 сертификаты бар.

Ұйым  қызмет еткен уақыт ішінде Қазақстан жерінде де, сонымен қатар ТМД және Балтық елдеріндегі Серіктестер мен Клиенттердің пікірінше,  біз өзімізді сенімді және жауапты серіктес ретінде жақсы жағымыздан көрсете білдік.

Қазақстандық халықаралық көрмесі «Көлік және логистика» Transit-Kazakhstan 2013.