Стационарлы нысандарды күзету

«Sardar» Мамандандырылған Күзет Орталығының»  біліктілігі жоғары қызметкерлері кез келген сипаттағы стационарлы нысандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ете алады.

Нысанның ерекшеліктерін есепке ала отырып, нысанды күзететін қызметкерлер іріктеледі, олар арнайы құралдармен, қажетті қарулармен және байланыс құралдарымен  жабдықталады, қажетті нұсқаулықтар әзірленеді.

Стационарлы нысандарды күзетудегі міндеттер тізбесі:

  • материалдық құндылықтардың сақталуын қамтамасыз ету;
  • нысан қызметкерлерінің, келушілердің бақылау-өткізу режимін қамтамасыз ету;
  • нысанішілік режимді қамтамасыз ету, аумақты патрульдеу;
  • Тапсырыс беруші күзетке жүктеген басқа міндеттер.

 
           Аймақтағы ахуалға байланысты, күзетілетін нысанның арналымы мен маңыздылығына орай күзетті қарусыз күзетшілер, сонымен бірге қару мен арнайы құралдар пайдалана отырып күзетуге болады.

Нысандарды күзетудің әр түрлі режимдерін таңдауға болады:

- тәулік бойғы күзет құрамының өзгеуінсіз;

- тәулік бойы, түнде (күндіз) күшейтілген;

- түнгі және күндізгі.