Технологиялар

Бақылаудың автоматтандырылған жүйесі.

«Sardar» МКО» ЖШС мұнай өнімдерін күзету мен шығарып салудың өндірістік үрдісін жетілдіру үшін теміржол цистерналарындағы мұнай өнімдерін бақылаудың автоматтандырылған жүйесін (МБАЖ) қолданады.

МБАЖ функциялары:

-    теміржол цистерналарында бақылануға тиесілі мәліметтерді қабылдау; алынып жүретін приборларға арналған тапсырмаларды өңдеу және дайындау; алынып жүретін приборларға бақылау жасау бойынша тапсырмаларды кіргізу;

-    теміржол цистерналарындағы мұнай өнімдерін көлемін және салмағын, тығыздығын бағалауды есептеумен оның толтырылу деңгейін, температурасын жедел өлшеу;

-    нәтижелерін өңдей отырып, өлшеу қорытындысын прибормен автоматты түрде АРМ-ге жіберу;

-    теміржол цистерналарындағы мұнай өнімдеріне жасалған бақылау қорытындылары туралы деректерді қабылдау, өңдеу, талдау және сақтау;

-    Өлшеуді жүргізу бойынша есеп құжаттамасын дайындау;

-    теміржол цистерналарындағы мұнай өнімдерін бақау қорытындысы бойынша «штаттан тыс» жағдайдың орын алуы (мұнай өніміні деңгейінің төмендігі, түрінің (атауының) сәйкес келмеуін бағалау) туралы ақпараттар дайындау;

-    өлшеу және есептеу ақпараттарын компанияның Бас офисіне жіберу (байланыс үшін қолданыстағы Internet байланысы қолданылады).

 АСКН

Бейнебақылау.

Теміржол бекетінің паркіндегі жүктерді бақылауға арналған бейнебақылау жүйесі.
Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, Ақсу-1 Теміржол бекеті.

samay