Жүктерді күзету және шығарып салу

«Sardar» Мамандандырылған күзет орталығы» ЖШС Қазақстан Республикасының, ТМД және Балтық елдерінің аумағы бойынша, қажет болғанда алыс шетелдерден жүктерді теміржол, автомобиль және әуе көлігі арқылы тасымалданатын жүктердің барлық түрлерін күзету мен күзетпен шығарып салу саласында өз қызметін жүзеге асырады.

«Sardar» МКО» ЖШС-нің Павлодар, Ақтөбе, Ақсу, Семей қалаларында, Аягөз, Ақтоғай кенттерінде, Алматы облысының Достық (Дружба) станциясында өкілдіктері бар.

«Sardar» Мамандандырылған күзет орталығы» ЖШС қызметкерлері көліктің барлық түрлерімен және барлық аймақтарда жүктерді күзету мен күзетпен шығарып салу үшін қажетті жоғары білікті дайындыққа ие.

Ішкі істер органдарының Ішкі істер департаменттерімен, ЖІІД-мен, Әскерилендірілген теміржол күзетімен, сондай-ақ жүктерді тонауға байланысты құқық бұзушылықтардың алдын алу саласында өзара тығыз байланыстар орнатқан. Жүктерді алып  жүретін бағыттар бойындағы теміржол бекеттерінің басшылары мен қызметкерлерімен өзара бірлесіп әрекет етуде мол тәжірибе жинақталған. «Sardar» МКО» ЖШС қызметкерлерінің теміржол бекеттерінде қызмет етуге және ҚТЖ мен РТЖ-нің тиісті теміржол ведомстваларымен жасалған келісімшарттарда көзделген жүктерді күзету мен шығарып салу кезінде локомативтің жұмыс секциясынан тыс жерде болуға рұқсат ететін тиісті құжаттары бар.

Қызметкерлердің сапалы жұмыс жасауына барлық жағдайлар жасалған, бұған айғақ Қазақстан Респуликасының барлық аймақтарындағы базалардың  толыққанды демалуға арнап жасалған жағдай, атап айтқанда ұйықтау  және тынығу бөлмелері.

ТМД елдерінің аумағы бойынша алыс жақтарға апарылатын жүктерді күзету және шығарып салу кезінде наряд сапалы күзетті қамтамасыз ету үшін қажеттіліктермен жабдықталған вагонмен қамтамасыз етілген, яғни ыстық тамақ дайындауға жасалған жағдай, жатын орын, жеке гигиенаға арналған бөлме.

«Sardar» МКО» ЖШС қызметкерлерінің қарулары, байланыс және қорғану құралдары, қызметтік автокөліктермен қамтамасыз етілген жылжымалы мобильді топтары бар. Наряд, күзетші және жүргізушілер тобының қарулары, байланыс құралдары бар. Шығарып салу тобы наряд басшысынан, күзетші мен жүргізушіден тұрады, олардың қаруы, байланыс құралдары бар.  Шығарып салу тобы жылжымалы құрамның артынан қызметтік автомобильмен жүріп отырады, сөйтіп бағыттың басынан аяғына дейін, теміржол бекеттерінде жылжымалы құрамның тұрағы мен қайта жасақталуы кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.

Компанияның орталық офисімен үнемі жедел байланыс орнатылып тұрады. Компанияның орталық офисіндегі жедел кезекші тәулік бойы қызметкерлердің жүрген жерлеріне,  қай аумақта жүргеніне қарамастан жүкке бақылау жасайды. Сондай-ақ тәулік сайын Компания басшылығына жүктер мен қызметкерлердің жүрген орындары туралы баяндалып тұрады.

Ерекше бағалы және қауіпті жүктерді күзетпен шығарып салуға арналған «Sardar» МКО» ЖШС-нің паркінде арнайы брондалған автокөлік бар. Сонымен бірге аталған автокөлік алыс қашықтыққа жүк тасымалдауға тартылады. Біз сіздің мүлкіңізге сенімді және сапалы күзетті қамтамасыз етеміз.